ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облысының әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

15.05.2019

    Проблеманы көру, мемлекеттік органдардың алдында мәселе қою, шешімдерге мониторинг жүргізу, мәселелерді тезірек және тиімді шешу үшін бірлесе жолдарын іздеу, - облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыстық қоғамдық кеңестің қызметінен үмітін осылайша білдірді.

Өңір басшысының кеңес мүшелерімен өткен кездесуі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қолданыстағы сындарлы өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Өз есебінде облыс әкімі ең күрделі мәселелерге тоқталды, оларды шешу көп күш-жігерді қажет етеді.

«Біз бөгеттермен айналысатын боламыз», - биылғы жылы көктемгі су тасқынының салдарын тез жоюға қол жеткізгендігін тілге тиек етіп,. - Осы жылы Көкшетауда және Целиноград ауданында болған ұқсас мәселелерді болашақта болдырмас үшін тәуекелдерді барынша азайтуымыз керек.

Қоянды ауылының тұрғындары үшін ауыз су көздері - көктемгі су тасқынынан су астында қалған терең құдықтар Нұр-Сұлтанға іргелес ауылдардағы инфрақұрылым проблемаларының тереңдігін тағы да көрсетті. Сол ауылдарда халықтың жылдам өсіп келе жатқандығы соншалық, барлығын уақытылы сапалы электр, су және жылумен қамтамасыз ету өте қиынға түсіп отыр. Қосшы ауылы осыны растап отыр.

Биылғы жылдың міндеттері туралы айта келе, әкім биылғы жылы Қатаркөл және Бурабай ауылдарындағы сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешетінін атап өтті.

Келесі жылы Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық облыс орталығын дамыту бойынша бұрынғы жоспарларын жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.

Қазіргі заман мүмкіндіктері тек өңіраралық ынтымақтастық форумында ғана толық көлемде қажет болмайтын жаңа көпфункционалды  сарай, спорттық кешен, Көкшетау маржаны - Қопа көлінің бойындағы жаңа жағалау, жаңа қозғалыс қиылыстарының құрылысы жайында да талқыланды.

Осы және басқа нақты, мұқият есептелген жоспарларды жүзеге асыру облыс орталығын одан да көрікті әрі жайлы етпек. Өңір басшысы атап өткендей, көп жағдайда қазақстандық қалалардың жалпы проблемасы - жастардың мегаполистерге кетуін төмендетуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру деңгейін көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, Ермек Маржықпаев ең қысқа мерзімде үлкен жұмыс атқарылғанын дәлелдейтін деректер келтірді - жергілікті атқарушы органдар АӘК алуға 3 800 өтініш қабылдады. 2014 жылдан бастап облыста АӘК алушыларының саны 18 есеге, қаражат төлемдері 37 млн-нан 335 млн.теңгеге дейін артты. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар 12 745 адамға көбейетін болады.

Ермек Маржықпаев атап айтқандай, жүйелі жұмысты талап ететін проблемалық мәселелердің бірі - көптеген өнеркәсіп кәсіпорындардың жұмыс жүктемесінің аздығы да проблемалық мәселелер қатарында.

- Әңгіме пайдалы, сындарлы болды. Біз жиі кездесетін боламыз, - деді облыс әкімі, қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстарын тыңдап.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақмола облысының қоғамдық кеңес мүшелері Ермек Маржықпаевтың 2019 жылдың өткен кезеңіндегі жұмысына оң баға берді.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru