ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Әлібек Баймағамбетов – Ақмола облыстық мәслихатының жаңа хатшысы

15.05.2019

Әлібек Баймағамбетов - Ақмола облыстық мәслихатының жаңа хатшысы

Ү.ж. 14 мамырда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32-ші сессиясы болды.

Сессияның негізгі сұрағы облыстық мәслихаттың жаңа хатшысын сайлау болды. Дулат Нұрмолдин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы лауазымынан босатылды.  

Сессияда депутаттар депутат Әлібек Баймағамбетовтің кандидатурасын облыстық мәслихат хатшысы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді, ол бірауыздан мақұлданып, сессия шешімімен бекітілді. 

Әлібек Баймағамбетов 1959 жылы Көкшетау қаласында туған, 2 жоғары: «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі», «Бакалавр-заңгер» мамандығы бар.

Еңбек жолын  1983 жылы мұғалім, мектеп ішілік және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы, Золотонивское орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарынан бастады.

1986 жылдан - Көкшетау қ. №3 ортв мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1990 жылдан - Көкшетау облыстық әкімшілігі басшысы орынбасарының көмекшісі, Көкшетау облысы әкімінің көмекшісі.

1997 жылдан - кәсіпкерлік қызметі.

1999 жылдан - Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының бас маманы, инспекторы, хатшылықтың меңгерушісі.

2003 жылдан - «Нұр Отан» ХДП кеңесшісі, қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары.

2011 жылдан - облыс әкімдігінің жанындағы Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көптеген Алғыс хаттары, «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 жыл), «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі, Ауғаныстаннан әскерлерді шығарудың 20 жылдығына «Честь, доблесть, мужество и слава» медалі, «Қазақстан даңқы» ордені, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

Жаңадан сайланған хатшыны өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен облыстық мәслихат депутаттары құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru