ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық бақылау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың әрекетті тетігі

23.05.2019

       Ү.ж. 22 мамырда Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кезекті отырысы болып өтті, отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық  бюросы Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

     «Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем толерантты болмауды қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарына үлкен көңіл бөлдік. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық жазаланатын әрекет жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермейтін мән-жайларды жоюға қатысты барлық ұсыныстарды аудандардағы және ауылдық округтердегі еңбек ұжымдарымен және лауазымды тұлғалармен кездесулерде қарастырылады» деп атап кетті Қуаныш Бекбасов.

                Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі үкіметтік емес сектордың баға жетпес рөлін атап өтті. Департамент жүзеге асыратын көптеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар азаматтық қоғамның тікелей қатысуына бағытталған.

                «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің, барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ жұмысының арқасында қоғамдық бақылаумен ең көп сыбайлас жемқорлықты тудыратын салалар кеңінен қамтылды. Азаматтардың жергілікті маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі жемқорлықтың ойдағыдай алдын алудың тиімді тетігі және маңызды факторы болып табылады. Әрине, осындай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруға ғана емес, сондай-ақ тиісті мультипликативтік әсерге ие болады. Мұнда «Азаматтық бақылау», «Қоғамдық бақылау картасы» және «Интерактивті қоғамдық бақылау картасы» жобаларын атап өтуге болады» - деп атап кетті Берген Беспалинов.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы шеңберінде 4 айда 130-дан астам шағым түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әрекетті қадамдары  ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және цифрландыру арқылы да жүзеге асырылады. «Цифрлық агент» мобильді қосымшасының енгізілуі осыған мысал. Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы ашық бюджетті, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, жолдар мен басқа да әлеуметтік нысандарды салудағы ашықтықты қамтамасыз етуге және азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған.

Қоғамдық кеңес мүшелері Қ.Б. Бекбасовтың, Б.М. Беспалиновтың ақпараттарын назарға алып, олардың мекемелерінің үлкен оң жұмыстар атқарғанын ескерді. Оларға мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға қарсы іс-әрекет ету бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыру және жандандыру ұсынылды.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru