ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті

28.05.2019

   Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен жуырда қайта сайланған осы кеңестің  жаңа құрамының кезекті отырысы болып өтті. Оның жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов қатысып, сөз сөйледі.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен Ақмола облысының Бурабай, Бұланды, Ақкөл аудандары мен Степногорск қаласындағы кейбір елді мекендер мен Данилов селолық округін қайта атау туралы мәселелерді қарап, оларға қолдау білдірді. Бұдан кейін нормативтік-құқықтық актілерді талқылап, бекітті. Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша бірқатар департаменттер мен басқармалардың басшылары хабарламалар жасады. Осының барысында тиісті сауалдар да туындап, оған басшылардың қосымша жауап берулеріне де тура келді. Әсіресе, 2019-2020 оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын бекіту мәселесі бойынша кейбір түсінбестіктер туындады. Қоғамдық кеңес мүшелері Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г.Гамазовты сұрақтың астына алып, қазақ мектептерін бітіргендерден гөрі орыс мектептерін бітіргендерге гранттың артық бөлінгенін, ал, жұмысы маңдымай отырған жеңіл өнеркәсіп, басқа салалардағы мамандықтарға да гранттың тым аз екенін ортаға салды. Хабарламашы болса, өздерінің олардан сұрап білгендерін, алайда, берген саны осы болғанын айтты.

Келесі оқу жылына дәрігер мамандығына да 50 грант бөлініп отырған көрінеді. Олар оқу бітіргенше қайда? Облыс осылай дәрігер мамандар жетіспей отыра бермекші ме? Неге денсаулық сақтау басқармасы басқа жерлерден, биыл оқу бітіретін түлектерден дәрігерлерді тарту, оларды жұмысқа шақыру шараларымен белсене айналыспайды? Осы сауалдар басқарма басшысы С.Д.Қисықоваға қойылды.

Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық кеңес мүшелері облыста орын алып отырған олқы тұстарды өздерінің жанды жұмысымен ілгері бастыруға барынша мүдделі екендігін көрсетті. Оны жоғарыдағы денсаулық сақтау саласына айтылған орынды сыннан да аңғаруға болады. Бұл сын негізінен, медициналық қызмет көрсетудің сапасына қатысты туындап отыр.

Қоғамдық кеңес отырысында сөз болған тағы бір жай, әр жолы қаралатын нормативтік-құқықтық актілердің көптігі. Соның салдарынан кейде күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге уақыт аз болып қалады. Осыған байланысты ендігі арада мұндай актілерді президиум мүшелері жұма күндері жеке қарап отыратын болды. Оған қаласа, қоғамдық кеңестің өзге мүшелері де қатыса алады.

Бұл жолғы отырыста «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес туралы» мәселе де күн тәртібіне шығарылып, алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша депаратментінің басшысы Қуаныш Бекбасов хабарлама жасады. Онда сөз болған жайлар тақа қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілін көншітпеді. Себебі, облыста 2015 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 662 заң бұзушылық тіркелген. Оны бұзғандардың көбі басшылар. Араларында пара алып, сотталғандары да бар екені белгілі.

Қоғамдағы осы кеселдің алдын алу жөнінде қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов баяндады. Онда департамент тарапынан осы бағытта біраз жұмыстар атқарылып жатқандығы көрініп тұр. Бірақ, бұдан сыбайлас жемқорлықтың тізгін тарту тенденциясы әлі байқала қоймауда.

Бұл мәселе бойынша сөз алған Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов та осы тұрғыдағы істің жайына тоқталып, алдағы міндеттеді елеп-екшеп өтті.

Бұдан кейін 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.С.Бөлтеновтің есебі тыңдалды. Ал, қоғамдық кеңестің аграрлық сала, инновациялық даму және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары М.С.Әбішева Көкшетау қаласының білім нысандарында электр қуатын пайдалану және оны үнемдеу туралы комиссия атқарған жұмыс қорытындысымен таныстырды.

Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаев қорытындылап, қатысушылар осы жолы қаралған және алда қаралатын мәселелер бойынша одан әрі өзара пікір алмасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.       

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru