ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихат хатшысының сапары

04.06.2019

   Елбасының «Стратегия-2050» Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді олардың әр түрлілігі мен ұлылығына сай сақтап, біздің мәдени мұрамызды тірнектеп жинауымыз керек екенін атап өтті.

Ақмола облысында мәдениетті дамытудың жай-күйі туралы мәселе облыстық мәслихаттың 4-тоқсандағы тұрақты комиссиясының жоспарына енгізілді.

Халық арасында, әсіресе жастар арасында мәдениетті дамытуға кітапханалар зор үлес қосып келеді. Кітаптар сатып алу және мерзімді басылымдарға жазылу оқырман сұранысын зерделеу және қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Ү.ж.4-ші маусымда Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов халыққа қызмет көрсетудің ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік орталығы және өңірдегі барлық кітапхана мекемелерін үйлестіретін ең ірі кітап қоры болып табылатын Көкшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға барып қайтты.

Қазіргі уақытта облыстық кітапханада 71 жоғары білікті маман жұмыс істейді. Кітапхананың басымдығы жаңа форматтағы кітапхананың пайда болуына ықпал етуші жас мамандарды тәрбиелеу болып табылады.

Кітапхананың кітап қорында 364 мыңнан астам түрлі бағыттағы кітаптар бар, олардың 200 мыңы сирек кездесетін кітаптар.

Кітапхана ұжымының негізгі міндеттерінің бірі келушілердің санын көбейту және оларға қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Кәсіби деңгейде оны шешу үшін бұқаралық жұмыс бөлімі танылды, кітапхананың директоры Талғат Ибраев қызмет бағыттарымен танысты. Сапар барысында Ә.Баймағамбетов кітапхананың материалдық-техникалық базасымен, кітап қоймасы, 2 оқу залы, әдістемелік кабинеттер, балалар әдебиеті бөлімімен танысты.

Пайдаланушылардың негізгі топтары - оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мамандар. Кітапханада балалар бұрыштары ұйымдастырған - бастауыш мектеп жасындағы, орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін әдебиет бөлек қойылған. Оқу залын ескере отырып оқу формулярлары жүргізіледі. Оқырмандар сұранымдарының дәптері жүргізіледі, пайдаланушылардың ақпараттық және өмірлік қажеттіліктері есепке алынады.

Кітапханада барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелерге кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, шолулар, экскурсиялар жүргізіледі.

Мәдениет саласындағы жобаларды жүзеге асыру жайындағы әңгіме қызығушылық тудырды. Әңгіме барысында Ә.Баймағамбетов мәдениет қызметкерлерінің назарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша халық арасында идеологиялық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын, әрбір қазақстандықтың жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, біздің халқымыздың дәстүрлері мен мәдени мұраларын сақтап қалуға жұмылдыру қажеттілігіне назар аударды.

Сапар соңында облыстық мәслихат хатшысы кітапхана қызметкерлеріне шығармашылық ізденістер мен облыс орталығының тұрғындарының мәдени деңгейін көтеруге жаңа жетістіктер тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru