Құрметті Берік Сұлтанғазыұлы!
Сізді және Ақмола облысының барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының полиция күнімен құттықтаймын!
Полиция қоғамдық тәртіпті қорғау, халық арасында қылмыстың профилактикасы және алдын-алу бойынша үлкен және табысты жұмыс жүргізеді, жастар мен жасөспірімдер ортасындағы қылмыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыс атқарады. Осы мақсатта сіздер жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін шешуде әдістемелік және практикалық көмек көрсете отырып, білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс жасайсыз.
Көптеген полиция қызметкерлерінің оң үлгілері жастарды еліктетеді деп айтуға болады. Қызметкерлеріңіздің орасан күш-жігерінің арқасында халық арасында өз қауіпсіздігіне және әл-ауқатына деген сенімділік бар.
Сізге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және облыс халқының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ауыр да, бірақ өте маңызды жұмысыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сізді тағы да кәсіби мерекеңізбен құттықтай отыра, зор денсаулық, бақыт және қызметіңізді табысты атқаруды тілеймін!
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Ә.Баймағамбетов