Төрағалық етуші, депутат Александр Гусев күн тәртібін белгілеп, сөз кезегін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Баимбетовке берді. Өзінің қысқа баяндамасында ол қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі лауазымына Маржықпаев Ермек Боранбайұлының кандидатурасын облытық мәслихат депутаттарыың келісуіне ұсынғанын хабарлады.
Облыстық мәслихат сессиясы ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Сессия соңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев сөз сөйледі, ол бірқатар маңызды мәселелерді айқындап, оларды шешуге ақмолалықтарға жұмыс істеу қажеттігін айтты. Мысалы, тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынына қарамастан, бұл салада қосымша резервтер мен ресурстарды пайдалану қажеттігі айтылды. Жолдардың құрылысы мен жөндеуімен белсендірек айналысу қажет. Бір ауызбен айтқанда, адамдардың өмірін жақсарту, халықтың әл-ауқатын арттыру қажет.
дереккөз - «Акмолинская правда» газеті