Ү.ж. 20 маусымда облыстық мәслихатта Ақмола облысының Каратэ федерациясының спортшыларына және каратэ чемпиондарына құрмет көрсетілді.
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә.Баймағамбетов пен облыстық мәслихат депутаты Ә.Жақсылықов спортшыларды құттықтап, Халықаралық сынып спорт шеберлері және ҚР Спорт шебері куәліктерін, сондай-ақ бағалы сыйлықтар тапсырды.
Спортшылар Тәшім Әділ мен Мәжитов Шахман Халықаралық сынып спорт шеберлері куәліктерін алды.
Дик Никита, Цымбал Антон мен Манылов Владислав ҚР Спорт шебері куәліктерін алды.
Команда жаттықтырушысы Сәкен Рахымжанов спортшыларға өз кезегінде көрсеткен әртүрлі қолдаулары үшін депутатға алғыс білдірді.

