ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

17.07.2019

   Бүгiн Көкшетауда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткiзiлдi, онда Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев депуттардың алдында өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуы туралы есеп бердi.

«Осы лауазымда iстеген 4 айға жақын уақытта iстiң жағдайымен танысу үшiн облыстың барлық өңiрлерiн, бiрқатар кәсiпорындар мен мекемелердi, әлеуметтiк объектiлердi аралап, тұрғын үй құрылыстарының барысымен, өмiр сүрудi қамтамасыз ету инфрақұрылымдарымен және жергiлiктi жолдардың жағдайымен таныстым.

Жұмыс сапарларының қорытындылары бойынша проблемалы мәселелердi анықтадық, олар өте көп, бәрi кезең-кезеңдеп, басымдылығына және қаржылық мүмкiншiлiкке қарай шешiлетiн болады», - деп сөзiн бастады өңiр басшысы.

Ақмола облысы өзiнiң қадамдап дамуын сақтап отыр. Бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер орындалды. Өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, құрылыс секторында өсiм қамтамасыз етiлдi.

Жыл басынан берi облыстың әлеуметтiк және өндiрiстiк салаларында, шағын және орта бизнесте 100 жаңа объектi ашылды. Биыл кәсiпкерлiк субъектiлерiне 6,6 млрд. теңге көлемiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi. 1000-нан аса адам микрокредиттер алады, оның басым бөлiгi ауыл тұрғындары.

Қолданыстағы кәсiпорындарда жұмыс орындары сақталды, қосымша 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылды. «Облыста экономика өсiмiнiң драйверлерi ретiнде 100-ден аса перспективалы жобалар жүзеге асырылуда. Индустриаландыру картасы бойынша биыл 5 жобаны iске қосу жоспарланып отыр, Картадан тыс - 118, ол 2 мыңнан аса жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiк бередi», - дедi облыс әкiмi.

Жыл басынан берi өңiрдiң экономикасына 125 млрд. теңге инвестицияланып, өсiм 115,2% құрады. Тартылған сыртқы инвестициялар көлемi 1,8 есе өсiп, 12 млрд. теңге шамасында құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда сыртқы инвестицияның үлесi 7%-дан 10,3%-ға дейiн өстi. Сонымен қатар, өңiр басшысы атап өткендей, инвестициялық белсендiлiгiне қарамастан облыс өзге өңiрлермен салыстырғанда сыртқы инвестициялардың үлесi бойынша әзiрше қалып келедi. «Елбасының инвестициялар тартудың кешендi «экожүйесiн» құруға қатысты тапсырмасына сәйкес, жақын күндерi «Атамекен» кәсiпкерлер палатасымен және Kazakh Invest өңiрлiк өкiлдiгiмен бiрлесе отырып Бiрыңғай өңiрлiк «фронт-офис» ашылады, ол осы бағыттағы жұмысты қайта форматтауға мүмкiндiк бередi, ал инвесторлар мен бизнесмендер «бiр терезе» қағидаты бойынша қажеттi қызметтердiң барлық кешенiн бiр жерден алатын болады, - дедi Ермек Маржықпаев.

Облыс әкiмi агроөнеркәсiп секторында және «қарапайым заттар экономикасын» дамытуда жүргiзiлiп жатқан жүйелi iс-шараларға нақты тоқталды. Лизинг бойынша ставкаларды субсидиялауды жаңғырту 6,1 млрд. теңгеге 234 бiрлiк әртүрлi ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға мүмкiндiк бердi. Өздерi бөлек сатып алғандарды қоса есептегенде машинатрактор паркi тағы 1150 бiрлiкке жаңартылды. Диқандарға 72 мың тонна кепiлдендiрiлген дизельдiк отын бөлiндi. Мал шаруашылығын дамыту үшiн облыстың 25 шаруашылығы 6 мыңға жуық МIҚМ сатып алды.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберiнде облыс бойынша қайта өңдеу өнеркәсiбi және АӨК салаларында жалпы құны 82 млрд. теңге 69 әлеуеттi жобалар iрiктелдi. Қазiргi уақытта соның iшiнен 2,8 млрд. теңгеге 10 жоба мақұлданды. Бүгiнгi таңда банктермен мақұлданған жобалардың саны бойынша Ақмола облысы көш бастап келедi.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 35 көппәтерлi үйдiң құрылысы салынып жатыр. Биылғы жылдың 6 айында 2317 пәтер пайдалануға берiлдi. Жылдың қорытындысы бойынша

500 мың кв. метр тұрғын үйдi пайдалануға берудi қамтамасыз ету және 5 мың пәтерден асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыс әкiмi кезең-кезеңдеп газдандыру, жол-көлiк инфрақұрылымы, сумен қамтамасыз ету, жылу-, электрмен жабдықтау, әлеуметтiк сала және өңiрдi бұдан әрi дамыту мәселелерi бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы есеп бердi.

Облыс әкімінің баяндамасын талқылау бойынша сөзталаста облыстық мәслихаттың депутаттары - Анэль Ерденова, Әсен Жақсылықов сөз сөйлеп, әкімнің жұмысына оң баға берді.

Баяндаманың қорытындысы бойынша депутаттар Ақмола облысы әкiмiнiң есебiн бiр ауыздан мақұлдады.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru