ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Оқыту семинар-тренингі

19.07.2019

2019 ж. «Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын іске асыру аясында «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, "Sara" ҚҚ облыстың қоғамдық кеңесімен бірлесіп, Көкшетау қ., Бурабай, Зеренді және Біржан сал ат. аудандарының қоғамдық кеңестер, бюджеттік және мемлекеттік органдар, ҮЕҰ,БАҚ мүшелері үшін оқыту семинар-тренингін өткізді, модераторы "Sara" ҚҚ басшысы С. К. Баймағанбетова болды.

Семинардың мақсаты: ҮЕҰ, БАҚ қатысуымен Көкшетау қ., Бурабай, Зеренді және Біржан сал ат. аудандарының қоғамдық кеңестер, бюджеттік және мемлекеттік органдар, ҮЕҰ,БАҚ мүшелерін қоғамдық бақылауды ұйымдастырудың практикалық дағдыларын үйрету (мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың қызметі, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды және жергілікті билік органдарының қабылдаған шешімдерін жүзеге асыру). Біржан сал.

Семинар-тренинг бағдарламасында қоғамдық мониторингтің заңнамалық негіздері туралы презентациялар ұсынылды, қоғамдық бақылауды жүргізу машықтары мен дағдыларын қалыптастыру, «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңын сақтау бойынша практикалық тренингтік сабақтар өткізілді.

Облыстық мәслихат аппаратының басшысы, облыстық ҚК хатшысы Д.К. Жұрымбаев «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті.

Мемлекеттік қызметтер бойынша туындаған сұрақтарға облыс әкімдігінің өкілі жауап берді.

Семинар-тренингтің барлық қатысушыларына ақпараттық-теориялық – «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының нормаларымен, полиграфиялық - 2012, 2016 ж.ж. қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша қордың жұмыс тәжірибесінен алынған буклеттер, т. б. тарату материалдары ұсынылды.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru