Ағымдағы жылғы 19 шілдеде Сағынтай Елубаевтың төрағалық етуімен облыстың қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге жататын 3 жоба қаралды.
«Ақмола облысының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік өлшерлемелер белгілеу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаевтың ақпараты тыңдалды.
«Мал шаруашылығы саласындағы субсидия көлемін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Димаш Аманжолұлы Таласбаев баяндады.
Сондай-ақ, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Біржекеев Көшекбай Біржекеевтің «Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зімбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» жобасы бойынша ақпараты тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес жобаларды әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.