2019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихат хатшысы Ә.Б.Баймағамбетов Целиноград аудандық мәслихаты депутаттық корпусымен және оның аппаратымен кездесті. Кездесу барысында жол құрылысы, сумен жабдықтау, ҚТҚ полигоны мәселелері көтерілді, халық санының артуына байланысты жеке елді мекендердің мәртебесі мәселесі ерекше қаралды. Аудан депутаттарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы түсетін тұрғындардың проблемалық мәселелерін жедел шешуде өз қызметін жандандыру, сондай-ақ депутаттардың сайлаушылармен есеп беру кездесуін ұмытпау ұсынылды. Депутаттық сауалдардың рөлі және депутаттық тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы бөлек айтылды.
Жұмыс сапары барысында Ақмол ауылындағы "Курочка ряба" ЖШС нысанына барып, ет және ет өнімдерін өндіру процесімен танысты.

