Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов азаматтарды қабылдау жүргізді.
Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаевтың негізгі мәселесі Кеңес Одағының Батыры татар жазушы-антифашист Мұса Джамилдің есімін мәңгі есте қалдыру болды. Үшінші жыл Көкшетау қаласында М.Жамилдің ескерткішін орнату орнын анықтау мәселесі шешілмей отыр.
Келушілердің барлық ұсыныстарын тыңдап, облыстық мәслихат хатшысы мүдделі мемлекеттік органдарға бір апталық мерзімде осы мәселені зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.
Қабылдауды қорытындылай келе, Әлібек Бекболатұлы барлық өтініштер маңызды екенін және депутат оларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.