ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жұмыс сапарындағы кездесулер

05.08.2019

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рәшид Әкімов пен Дәурен Әділбеков облысымызға сапары барысында Ақкөл қаласындағы «Smart Akqol» стиуациялық орталығы мен «Еңбек» серіктестігі, Жарқайын ауданының Тастыөткел ауылындағы «Темірлан» серіктестігі, Степногорск қаласында «Kazakhaltyn Techology» серіктестігі, Жақсы ауданының Запорожье ауылындағы жеке кәсіпкерлер, Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» серіктестігі мен «Хамзе» жеке кәсіпкерлігі, Аршалы ауданындағы «Аршалы асыл тұқымды мал шаруашалығы», Зеренді ауданындағы «Береке 2050» агрофирмасы және Көкшетау қаласындағы «Қазақстан Агро Инновациялық корпарациясы» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Ал, Сенат депутаты Дәурен Әділбеков Көкшетау қаласында Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарымен, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшыларымен және бизнес өкілдерімен кездесті.
Облыстық мәслихатта өткен кездесуде сенатор мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады және облыстың жеті өңіріне жасалған сапарының қорытындысы туралы айтып берді. Степногорск қаласы мен Есіл, Ерейментау, Зеренді, Атбасар, Аршалы аудандарында болғанында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамытып отырған бірқатар шараушылықтардың жұмысын айта келе, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек қолдаудың тиімділігін атап өтті.


«Бұл жолғы сапарымыз кезінде әріптесім Рәшит Әкімов екеуіміз облыстың жеті ауданында болдық. Республиканың өзге облыстарымен салыстырғанда біздің өңірімізде қай саланы алсақ та, ілгері басушылық байқалады. Яғни, атқарылып жатқан жұмыс бар. Облыстың жетістігін ауыз толтырып айтуға болады. Бұл әрине, сіздер мен біздердің бірлесіп атқарған жұмысымыздың жетістігі. Жұмыс болған соң кемшіліктер де болады. Жұмыс сапарымның мақсаты да сол жергілікті жердегі мәселені парламентке жеткізіп көтеру», – дей келе, сенатор кездесуге жиналған жергілікті мәслихаттар мен бизнес өкілдерінің электр энергиясының тапшылығы, жол мәселесі, тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету, субсидия алу тәрізді өңір халқын толғандырып жүрген сауалдарына құлақ түрді.
Осы ретте, Бұланды аудандық мәслихатының депутаты Шахман Құсайынов Макинск қаласындағы бірқатар тұрғын үйлердің жылу құбырына қосылмағандықтан бір орталықтандырылған жылудан қағылып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, тарату желісінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін облыстық мәслихаттан тиісті қаржы бөлініпті. Ал, құрылыс жұмыстарын толық жүргізу үшін шамамен 1 миллиард теңгеден астам қаржы қажет көрінеді. Бұған республикалық бюджеттен қаржы тартылмаса, жергілікті бюджеттің қалтасы көтермейді.


Бұдан бөлек, депутаттар тарапынан Зеренді ауданында орын алып отырған электр энергиясына және қолданыстағы бірқатар заңнамаларға қатысты мәселе көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Сенатор кездесуге келген жергілікті мәслихат депутаттарынан орын алып отырған мәселені ғана емес, оның шешу жолдарын да сұрап білді. Қойылған сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, әрi қарай қарастырылатынын жеткiздi.


«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru