Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - құрылысшылар күнімен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз, дарындарыңыз бен тәжірибелеріңіздің арқасында қалалар, елді мекендер өсіп дамуда.
Біздің қалаларымыз, поселкелеріміз бен ауылдарымыздың көркейуін көріп келеміз. Халықтың өмір жағдайлары жаппай жақсарып, облыстың түпкір-түпкірінде жаңа тұрғын үйлер, емханалар, мектептер, спорт құрылыстары, жолдар мен көпірлер салынуда.
Ерен еңбектерімен жылдар бойы облыстағы құрылыс саласына және аймақтың өсіп-өніп-гүлденуіне үлестерін қосқан, өндірістік әлеуетті сақтап, жаңа ұрпаққа кәсіби тәжірибелерін қалдырған ардагерлер- құрылысшыларға ерекше алғыс білдіремін.
Аймағымыздың көркеюі жолында жасап жатқан еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, сіздерге, жанұяларыңызға бақыт пен амандық тілеймін. Барлық бастауларыңызда табыс пен сәттілік болсын!
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә. Баймағамбетов