Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен облыстың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қатысты 9 жобасы қаралды.
Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы Г.Балтабаев «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» жобасы бойынша сөз сөйледі
Бірқатар басқармалардың басшылары өз ведомстволарындағы «Мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» жобасы бойынша сөз сөйлеп, талқылауға ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері жобаларды қабылдағаны үшін бірауыздан дауыс беріп, ұсыныстар берді.
