Сіздерді тамаша мереке - Спорт күнімен құттықтаймын!
Спорт салауатты өмір салтын, сұлулықты, рух беріктігі мен сенімділікті қалыптастырады.
Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортты дамыту маңызды мемлекеттік міндетке айналды деп сеніммен айтуға болады. Біздің өңірімізде жыл сайын жаңа заманауи спорттық объектілер салынады, олардың пайдаланылуы өскелең ұрпақтың дене шынықтыруына ықпал етеді.
Ақмола облысы өзінің спорттық тарихы мен даңқты дәстүрлерін мақтан етеді. Өңірде републикалық қана емес, әлемдік деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген көптеген атақты чемпиондар мен рекондшылар тәрбиеленді. Сонымен қатар, бізді еңбек сіңірген спор шеберлерінің қолынан эстафетаны лайықты қабылдап келе жатқан жас спортшыларымызды да қуантады.
Біз бапкерлер мен спортшыларымыз Ақмола өңірін таныта алатын лайықты ұрпақ тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қоса беретініне сенімдіміз.
Спорт сіздерге жеңістер, ал жанкүйерлерге қуаныш пен шаттық сыйласын!
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә. Баймағамбетов