Жұмыс сапары барысында Ә.Баймағамбетов Научный кентіндегі «Меруерт» қонақ үй кешенінде, Шортанды аудандық ауруханасында, «Қайнар» БЖК жүзу бассейнінде болды, Шортанды кентіндегі 36 пәтерлі үйдің құрылысын салу барысымен танысты. Содан кейін облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесу өткізіп, олардың сайлау округтерінің проблемалы мәселелерін қарастырды.



Одан әрі Әлібек Баймағамбетов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, ол туралы аудан тұрғындарына аудандық мәслихаттың интернет-ресурстары арқылы алдын ала хабарланған болатын. Көтерілген барлық мәселелер облыстық өкілетті органның басшысымен назарға алынды, кейбірі жергілікті орнында шешілді, ал шешілуі зерделеу мен ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі