Облыстың Қоғамдық кеңесі «Sara» қоғамдық қорымен бірлесіп, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңес мүшелері үшін «Қоғамдық кеңестердің қызметі: қоғамдық мониторинг ұйымдастыру арқылы тәжірибелік бағыттылығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты оң тәжірибе алмасу және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың одан әрі ынтымақтастығының тетіктері мен бағыттарын айқындау болып табылады.
Облыстың қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың бас инспекторы С.Кәкенова құттықтау сөз сөйлеп, облыс кеңесінің жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ жаңа құрамның жарты жылда атқарған жұмыстары туралы ақпарат беріп, жұмыс жоспарымен бөлісті.
Қоғамдық кеңес мүшесі, «Sara» ҚҚ төрайымы С.К. Баймағамбетова қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі, қоғамдық бақылау міндеттері туралы айтып, тренинг және пікір алмасу өткізді.
Сонымен қатар ҚК мүшелері сауалнама жүргізді.