А.ж. 5 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттары Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша Ақмола облысының активіне қатысты.
Депутаттық корпустың атынан Е.И.Мащинская сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы көтерген мәселелер депутаттардың алдында азаматтар күн сайын көтеріп, олар халыққа көмектесу үшін шешімін табуға тырысып жүрген мәселелермен тығыз байланысты екенін айтты.
Ал мемлекеттіктің қолдауы туралы армандай да алмаған қиын жылдары өз ісін нөлден бастаған кәсіпкер ретінде, Елена Ивановна, Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылуын маңызды деп санайды. «Президент бұл саланың проблемаларын дәл басып айтқан, олар өте көп, бизнес әлі де болса бақылау-қадағалау органдары тарапынан қысым көріп отыр. Ал ШОБ экономика үшін қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, өйткені нарықтың жаңа сұраныстарына тез әрекет етеді. Шағын бизнес – экономикалық жетістік үшін шешуші маңызға ие инновациялық полигон. ШОБ қолдау үшін Президент ұсынған нақты шаралар: салық міндеттемелері, заңнамалық негіз, қаржылай қолдауды арттыру экономикадағы күн тәртібін жаңғыртуға мүмкіндік береді.» деді өзінің жалынды сөзінің аяғында Елен Мащинская барлығын Жолдауды жедел жүзеге асыруға шақырып.