ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Степногорск қаласына - 55!

10.09.2019

     Өткен демалыс күндері Степногорск өзінің 55 жылдығын атап өтті. Мерейтойлық күні Спорт сарайының алаңында Қажымұқан Мұңайтпасовқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

     "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында орнатылған Ұлы балуан мен цирк әртісі монументі қаланың 55 жылдық мерейтойына ерекше сыйлық болды. Автордың ойына сәйкес, жеңілмеген Қажымұқан мүсіні гранитті жартастан "өседі" - бұл ұлы қазақ палуанының табиғи қуаты мен күшінің белгісі. Гранитті жартастың салмағы 23,5 тоннаны құрайды, биіктігі 4 м. Қажымұқан қола мүсінінің биіктігі - 2,5 метр.

     Ескерткіштің ашылу рәсімі жарқын және мерекелі болды. Ескерткішке гүл шоқтарын Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов пен қала әкімі Еркебұлан Баяхметов қойды. Мерекеге әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Сүлейменов, дзюдодан халықаралық және республикалық турнирлердің чемпионы, спорт шебері Анастасия Майкова және ұлы спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемде спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесін атап өткен мүсін авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, профессор Азат Баярлин қатысты.

     Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов Степногорск тұрғындарына облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауын оқып берді, сонымен қатар Ақмола облысының өнеркәсіп орталығының өңір экономикасы үшін маңызын ерекше атап өтті. Монументтің ашылуында Еркебұлан Баяхметов қаланың өсіп-өркендеп келе жатқанына үлестерін қосып отырған тұрғындарға алғысын білдірді.

     Салтанатты ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін қазақ күресінен және «ST CROSS» веложарысының кросс-кантриінен республикалық жарыс басталды.

     Степногорск қаласының мерейтойын мерекелеу аясында қалада шығармашылық ұжымдардың концерттері, сәндік-қолданбалы өнер және сурет галереясының көрмесі, алтыбақанда театрландырылған қойылым, сондай-ақ «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Құрметті марапаттарға меценаттыққа және қайырымдылыққа, Степногорск өңірінің өмірін жақсартуға елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлері ие болды.

     Қала күніне орай бес көп балалы ана пәтер кілтіне ие болды. 28 тұрғын «Степногорск қаласына 55 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

     Айтулы күн қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуімен және түрлі-түсті отшашумен аяқталды.

     Завершился день выступлениями приглашенных звезд казахстанской эстрады и красочным фейерверком.

Екатерина ОДИНЦОВА.

Дереккөз: «Амолинская правда» газеті

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru