ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қысқы жылу беру маусымына мұқият дайындық керек

21.09.2019

     «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

     Әлібек Баймағамбетов «Көкшетау-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болып, қазандықтардың, тұрғын үй-коммуналдық секторының және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылу маусымына дайындығы жөнінде көшпелі кеңес өткізді.

     Алдымен, олар кәсіпорынның бу қазандықтарын, отын қоймасы мен сүзгіш нысанының құрылысын аралап көрді. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров «Көкшетау-Жылу» кәсіпорнының жылу науқанына дайындығы 94 пайызды құрайтынын айтты.
–Жөндеу жұмысы кестеге сай жүргізілуде. Ол 15 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. Бүгінгі таңда «РК-1» кәсіпорнының қазандықтары толық да-
йын. «РК-2» кәсіпорнының №8 қазандығы толық жөнделді. Қазір №10 қазандықта жөндеу жұмысы жүргізілуде, 20 қыркүйекте пайдалануға беріледі.

     Сондай-ақ, №9 қазандық та жөнделуде. Мұнда жұмыс қазанның басында аяқталмақшы. Жылу маусымының басында №4 қазандықта газ бен мазут жаға бастаймыз. Бұдан кейін №8, №10 қазандықтарды іске қосамыз. Жылу ауа райы-
на байланысты берілетін болады. Алғашқы күндерге жеткілікті мазут бар. Жаңа мазут 20 қыркүйектен бастап арнайы кестемен Павлодардағы мұнай өңдеу зауытынан тасымалдана бастайды. Бұл бағыттағы жұмыста мәселе туындамайды. Бұрын мазут Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасылмалданды. Ара қашықтық алыс болғандықтан, мазут жолшыбай қатып қалатын.
Жалпы, биылғы жылу маусымына 330 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде Станционный кенті мен Краснояр селосындағы бу қазандықтарына «Майкөбе» көмірі жағылады. Екібастұздан бір аптаға жететін 7,5 мың тонна көмір әкелінді. 25 қыркүйекке дейін 36 мың тонна көмірдің нормативтік қорын жасаймыз. Бүгінгі таңда дебиторлық қарыз 141 миллион теңгені құрайды. Оның 90 миллион теңгесі арғы жылдардың қарызы. Осы қаржыны қайтару жұмысы жүргізілуде,–деді қала әкімінің орынбасары.
      Кәсіпорынның «Көкше Энерго» алдындағы қарызы 900 миллион теңгені құраса, оның 200 миллион теңгесі төленіпті. Қала көшелері мен аулалардағы жылу құбырларын тарту жұмысы жылу маусымына дейін аяқталмақшы. Кейбір көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы жылу құбырларын тарту жұмысында мәселе туындап отыр. Бірақ, бұл өзге тұрғын үйлерге жылу беруге кедергі болмайды. Облыс орталығындағы жер үйдің иелері көбіне Шұбаркөл көмірін сатып алады. Бұл бағытта ұйымдастыру жұмысы толық жүргізілмегені белгілі болды. Осы орайда, Ғалым Бекмағамбетов әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың наразылығын тудырмау үшін бұл жұмысты жандандыру қажеттігін айтты. Көмір қаланың 8 жерінде сатылады.
Қазандықтың электр сүзгіштерін шеттен келген мердігерлер ауыстырып жатыр. Олардың алаңсыз жұмыс істеуіне тиісті жағдай жасалған. Әңгіме барысында Краснояр селосындағы модульдік бу қазандығына үшінші қазандық орнату қажет екені белгілі болды. Жер үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылуға қосу үшін 1,2 миллиард теңгенің жылу құбырын тарту қажет. Бұл мәселе екі жылдан бері айтылып келеді. Қазір ондағы бу қазандығы толық қуатында жұмыс істесе де, жер үйлерге жылу берілмей отыр. Сондықтан, бұл бағытта тұрғындар арасында түсінік жұмысын жүргізу қажеттігі айтылды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru