2019 жылғы 25 қыркүйекте депутат А.Д.Жақсылықовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық әдеп және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті жоспарлы отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес «Ақмола облысындағы көлік тасымалын бақылаудың жай-күйі туралы» мәселе қаралды.
Комиссия жұмысына бірқатар облыстық басқармалардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Отырыста Ақмола облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ж.Қ. Хамитов баяндама жасады, ол депутаттар мен шақырылғандарды аймақтағы көліктік бақылаудың жай-күйі, проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ж. Хамитов көлік инспекциясы өз өкілеттіктерін тек республикалық маңызы бар автожолдарда ғана жүзеге асыратынын атап өтті. Бұдан әрі жоспарлы негізде көлік прокуратурасымен және облыстық полиция департаментінің ЖПҚ бөлімшелерімен бірлесіп, көліктік бақылау облыстық маңызы бар автотрассаларда да жүзеге асыратын болады. Депутаттар мен шақырылғандарға баяндамашы қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша тиісті қаулы қабылданды.