ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

25.09.2019

     Сағынтай Елубаевтың төрағалық етуімен облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес 12 нормативтік құқықтық акті қаралды.

     «Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» жобасы бойынша Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Қабдоллов тыңдалды.

     «Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өңдеуге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Әбдірахманов сөз сөйледі.

      4 жоба бойынша: «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы»; «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»; «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»; «Микрокредиттерді кепілдендіру жөніндегі комиссия» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Хасым Итқұсов сөз сөйледі.

      «Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» жобасы бойынша энергетика басқармасының орынбасары Тимур Хамзин баяндады.

     2 жоба бойынша: «Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Үлкен Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану тәртібін белгілеу туралы»; «Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Тұзды Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану тәртібін белгілеу туралы» табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Көшекбай Біржекеев баяндады.

     Ақмола облысы әкімдігінің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін  бекіту туралы» және «Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт баяндады.

     Талқылау қорытындысы бойынша кеңес жобаларды әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.

 

 

 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru