ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетовтің Қараөткел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

27.09.2019

       Облыстық мәслихаттың хатшысы Ә.Баймағамбетов Ақмола облыстық мәслихатының Facebook-тегі парақшасында Целиноград ауданы Қараөткел ауылының тұрғыны Оксана Кузьмуктің өтінішінің арқасында жергілікті ауыл тұрғындармен кездесті. Оксана тез өсіп келе жатқан ауылдағы тұрғындардың проблемалары туралы жазды.

       Әлібек Бекболатұлы алдын ала ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, 2020 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерін зерделеп, жергілікті тұрғын өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірге әлеуметтік маңызы бар проблемалық объектілерге барды. Мектепке округте тұратын барлық балалар сыймайды, балалардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы № 69 мектеп-гимназиясында оқиды. Дәрігерлік амбулаторияға сапасыз жөндеу жүргізілген, ескертулер жасалды, тағы екі дәрігерлік амбулатория құрылысына қаражат қажет, себебі ауылдық округтің 8 мыңға жуық тұрғынына елордада қызмет көрсетуге мәжбүр. Ә.Баймағамбетов округ ішіндегі жолдардың нашар жағдайын көрді, Қараөткел ауылдық округіне кіретін үш ауылдың 94 шақырым жолдарын күрделі жөндеуге ақша қажет. Қараөткел және Қаражар ауылдарын электрмен қамтамасыз етуде де проблемалар бар.

      Әңгіме ауылдық округте әкімдіктің ғимаратында ауылдық, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының және атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен жалғасты. Әлібек Бекболатұлы облыстағы шығындарды бюджеттік қаржыландыру принциптерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына қаржы ресурстарын бөлудің маңыздылығын түсіндірді, 2019 жылы Қараөткел ауылдық округі бойынша екі дәрігерлік амбулатория құрылысына және жолдарды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат бөлінгенін хабарлады.

      Ауыл тұрғындары көтерген барлық мәселелер облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетовтің бақылауына алынды

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru