6 тамыз күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячектің қатысуымен Жарқайың аудандық мәслихатының 9 сессиясы өтті. Күн тәртібінде: «Аудан әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі», «Аудандық мәслихаттың «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және басқа да сұрақтар қаралды.
Сессия жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ж.Ерғалиев, С.Жалмағамбетова қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша - аудан әкімінің есебіндегі пікірталаста сөйлегендер ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына және оның болашақтағы жоспарларына тоқталды.
Депутаттар барлық қарастырылған сұрақтар бойынша сәйкес шешімдер қабылдады.