ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен осы кеңестің кезекті отырысы болып өтті

14.10.2019

Онда «Ақмола облысында коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтерді қалыптастыру және реттеу» туралы мәселе қаралды. Сонымен бірге, «Қазақстандағы Қоғамдық кеңестердің қызметі. Проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбына семинар өткізілді.

       Отырысқа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы, семинарды өткізуге келген « Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, мәселелері қаралатын кәсіпорын, мекемелердің басшылары және қоғамдық жұртшылық өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңестің экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Галина Марченкова күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Алдымен, бүгінгі отырысты өткізу үшін көптеген дайындық жұмыстары жүргізілгендігі, комиссия мүшелерінің барлық коммуналдық қызмет нысандарында болғандығы, өкілетті органдарға бірнеше жазбаша сұраулар жасалғандығы атап көрсетілді. Қаралып отырған мәселе бүкіл облыс тұрғындарын, соның ішінде табысы аз отбасыларды да қатты толғандырады. 2018 жылы Ақмола облыстық прокуратурасы жылу беру жүйесіндегі монополист – «Көкшетау Жылу» кәсіпорнына тексеріс жүргізді. Субъект тарапынан көптеген заң бұзушылықтардың анықталуына орай, бір жылға электр қуаты тарифін азайту жолымен халықтың шеккен зияндарын өтеу қолға алынуда. Осылайша 48 мыңнан астам тұтынушының құқы қорғалып отыр. Бұған кінәлілер сот шешімімен жауапқа тартылды.
Бүгінгі таңда халықтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі үшін төлейтін ақылары отбасы бюджетінің едәуір бөлігін құрайтындығы белгілі. Былтыр Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бүкіл еліміз бойынша осы саладағы тарифтерді тексерді. Оның барысында да көптеген шикіліктер анықталып, монополистер өздері көрсететін қызметтерге тарифтерді негізсіз көтеріп келгендері мәлім болды. Сөйтіп, осы тарифтер мәселесін ретке келтіру қолға алынғанда жылу мен су тарифтері бірсыдырғы арзандады да, электр қуатының тарифы тақа түспей, сол күйінде дерлік қалып қойды. Бұл әрине, халықтың тарапынан белгілі бір орынды реніш туғызғанын да көзіміз көрді.
       Баяндамада айтылғанындай, тарифтерді қалыптастыруға бірқатар кері факторлардың да әсері тиіп отыр. Соның ең бастысы, коммуналдық қызмет ақысына жеке және заңды тұлғалардың қарызының көптігі. Талай жылдардан бері осы мәселе түбегейлі шешілмей келеді. Әсіресе, жылу беру жүйесінде қайтарылмаған қарыз көп. Әлі күнге коммуналдық шаруашылық саласының жұмысына қолбайлау болып келе жатқан осы жағдайды түзеудің тиімді бір механизмі табылмауда.
      Отырыста негізгі баяндамадан кейін облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін «Көкшетау Жылу» кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Әлібек Төлебаев, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің басшысы Досымхан Аралбаев және «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Ермек Өмірғалиев өздеріндегі істің жай-жапсарын, мәселен, тарифтер неден қалыптасатынын айтып берді. Ақмола облысы бойынша табиғи монополияны реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Жалғасбаевтың сөзінде де осы мәселенің ұңғыл-шұңғылы біраз қамтылғаны байқалды.
        Әрине, күн тәртібіндегі мәселе өте өзекті болған соң, оларға қойылған сауалдар да көп болды. Олардың бірқатарына отырысқа қатысып отырған облыс әкімі орынбасарының өзі жауап беруіне тура келді. Осы орайда, электр қуаты тарифінің еліміздің басқа аймақтарында бізден арзан болуын осы істің басы-қасындағылар оларда электр қуатының бір бөлігі жергілікті ТЭЦ-терде өндірілуімен, оған КЭГОК-тан тасымалданғандай артық шығын кетпейтіндігімен байланыстырады. Бұл жағын кім білсін?! Әйтеуір, Көкшетау әуелден өз ТЭЦ-і жоқ еліміздегі жалғыз облыс орталығы екендігі анық. Кейінгі кезде монополистер осы электр қуатын алуда «коммерциялық шығындар» дегенді шығарып, оны да тарифке қосақтайтын, яғни, халықтың мойнына іліп қоятын болған.
       Бір сөзбен айтсақ, халықтың қамын ойлау тұрғысында коммуналдық салада әлі де ескере түсетін мәселелер жетерлік. Оның бір парасы осы тарифтерге қатысты. Отырыста Ақмола облыстық тұтынушылар құқын қорғау басқармасының басшысы Айнагүл Мусина Көкшетау қаласы тұрғындарының тұтынып отырған ауыз суының сапасы да мүлдем сын көтермейтінін айтқанда, халықтың осындай жайсыздықтарға көнтерлілігі өз-өзінен тағы бір аңғарылып шыға келді. Республика бойынша ауыз судың сапасыздығы орта есеппен 2,2 пайызды құраса, бізде 32 пайызға шығындап тұр екен. Яғни, он есе жоғары! Сергеевка су қоймасына бөлінетін субсидия күзге қарай жетпей қалады да, ауыз су жалғыз Шағалалы су қоймасынан алына бастайтындықтан, сапасы күрт төмендейді. Бұдан шығатын қорытынды, алдыңғы су қоймасына субсидияны ұлғайту керек. Ал, әзірше ауыз судың сапасы жағынан Көкшетау қаласы республикада соңғы орында екен.
      Облыстық Қоғамдық кеңестің осы тарифтер мәселесін қарауы, сонымен бірге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жоғарыдағыдай басқа да түйткілдерге баса назар аударуы құптарлық жай. Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша арнайы тұжырымдама қабылданып, ол тиісті орындарға жолданатын болды. Өйткені, коммуналдық қызмет халықтың күнделікті тыныс-тіршілігінде үлкен маңыз алатыны белгілі. Демек, осы қызметті көрсетудің сапасы да, оған төленетін ақы да ел ойлағандай деңгейде болып, заңмен дұрыс реттеліп отыруы керек. Билік пен халық арасындағы байланыстың бір дәнекеріне айналған Қоғамдық кеңес алдағы уақытта да осындай көпшілікті толғандырған өзекті мәселелерге жете көңіл бөліп, қоғамдағы күрмеулі істердің бір жағынан шығысып отыратынына сенім мол.
       Отырыстың екінші бөлігінде Зәуреш Батталова өткізген семинардың да көздеген мақсаты осы болатын. Оған қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері біраз пайдалы жайларға қанықты. Кеңес жұмысын қорытындылаған оның төрағасы Сағынтай Елубаев жиналғандарға және семинарды ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, кеңес мүшелерін алдағы уақытта да осындай белсенділікке шақырды.

                                                                                                                                                                            Қ. Кәкенов

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru