Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына елдегі жағдай туралы, ішкі және сыртқы саясаттың таңдалған бағыттары туралы үндеу жолдайды. Бұл елдің жақын болашақтағы дамуының стратегиялық бағыттарын көрсететін саяси-құқықтық құжат.
Негізгі ережелерді халыққа жеткізу және әлемде, айналамызда не болып жатқанын және қандай қиындықтарға кезігуі мүмкін екенін, ондаған жылдарға елдің тағдырын айқындайтын мемлекетіміздің бағдары туралы айту үшін облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетовтің тұрғындармен кездесулер өткізіледі.
Мәслихат хатшысының кестесі тығыз болса да, а.ж 10 қазанда Бурабай ауданында болды.
Осы күні Бурабай ауданының орталық ауруханасы ұжымымен сындарлы диалог өтті, мәслихат хатшысы дәрігерлердің және аурухана әкімшілігінің өтініштерін бақылауға алды.
Щучинск қ. №2 мектебіне барып, Әлібек Бекболатұлы мұғалімдердің білім беру жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарын тыңдауға, мектеп үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.
Бурабай ауданының № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұжымымен кездескен Ә.Баймағамбетов Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, осындай мамандандырылған құрылымдардың имидждік мәселелерін қозғады.
Қатаркөл ауылында ауыл шаруашылығы колледжінің оқушыларымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын түсіндіру мақсатында жастармен кездесу өткізді. Халық көтерген барлық мәселелер бақылауға алынды.