А.ж. 25 казанда Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы болды, онда халық үшін аса маңызды мәселелер блогы қаралыстырылды. Баяндамалар негізгі құзыреттерді іске асыру туралы, қалалықтардың өзекті мәселелерін шешу шаралары туралы, қол жеткен нәтижелер туралы ақпараттар енгізілді. Кезектен тыс отырыстың күн тәртібінің негізгі сұрағы: 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау. Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынын басшысы К.М. Дүзелбаев депутаттарға қаражаттарды қайта бөлу бойынша жағдайды түсіндірді. Мұнда ол жылу беру маусымынын мәселесі ерекше орын алатындығын жеткізді. Бұдан әрі аудандық жолдардын құрылысы мен күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ бюджет қаражаттарын тиімді игеру, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бөлінген қаражаттарды игеру мәселелері қаралды.
Депутаттар келесі мәселелерді бірауыздан қабылдады:
- Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
- Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
- Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есбінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.
Сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ақмола облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы сұрағын талқылауға енгізді.
Жоғарыда аталғандардан басқа депутаттық корпус нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу және жаңаларын бекіту бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.