А.ж. 25 қазанда облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес депутат Н.Ысқақовтың төрағалығымен аграрлық мәселелер және индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда «Ақмола облысындағы балық шаруашылығының жай-күйі және дамуы туралы» мәселе қаралды.
Отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Біржекеев, Республикалық балық шаруашылығы қауымдастығының директоры Ж.А.Әбдиев, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы А.Шәріпов, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы» РММ директорының орынбасары Б.С. Мақанов, Зеренді балық тәлімбағының директоры В.Г.Пономаренко, балық аулау кәсіпорнының басшысы Ю.И.Шишкин, облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия төрағасы жиналғандарды Зеренді ауданының нысандарын аралау нәтижелері туралы ақпаратпен таныстырды.
Осы мәселе бойынша К.Б.Біржекеев, А.К. Шәріповтің есептері тыңдалды, мәселені талқылау барысында балық аулау кәсіпорнының жетекшілері Ж.А.Әбдиев, В.Г.Пономаренко, Ю.И. Шишкин балық аулауды дамыту проблемаларын шешу бойынша өз ойларымен бөлісті.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы облыстағы уәкілетті органдардың балық аулау саласын дамыту жұмыстары нашар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.