ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Белсенділікті күшейту қажет

29.10.2019

Қоғамдық кеңестер, олардың жұмыс түрлері, тәжірибесі мен проблемалары — бұл туралы брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Ақмола облысы ҚК мүшелері Сара Баймағамбетова мен Александр Мартыненко мәлімдеді, деп хабарлайды Аймақтық коммуникация қызметі.

«Ағымдағы жылдың қараша айында қоғамдық кеңестер туралы заң қабылданғанына төрт жыл толады. Өткен үш жыл ішінде олардың барлығы әртүрлі деңгейде — республикалық, облыстық және аудандық деңгейде — қажетті жұмыс тәжірибесін алды, сұранысқа ие болды. Жергілікті жерлерде нақты әлеуметтік мәселелер шешілді. Атап айтқанда, Шортанды және Есіл аудандарында Қоғамдық кеңестер табысты жұмыс көрсетті. Олардың басшыларының бір бөлігі қайта сайланды, екіншісі бұрынғы құрамда қалды және олардың жұмысының тиімділігі бұрынғысынша жоғары. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді құру мен олардың қызметінің мақсаты азаматтардың қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылатынын ұмытпау керек. ҚК белсенділігін күшейту керек және бірінші кезекте, олардың жұмысы туралы халықты ақпараттандыру қажет, - деп облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Ѕага» ҚҚ төрайымы Сара Баймағамбетова атап өтті.

«Мен екі жыл қатарынан энергетика және ТҮКШ мәселелері жөніндегі маман ретінде облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табыламын, — деп атап өтті Александр Мартыненко. - Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдіктері мен мәслихаттары, басқарма басшылары қоғамдық кеңес жариялаған мәселелерді тыңдап, өткізілетін отырыстар мен тыңдауларға қатысады. Атап айтқанда, Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінде сумен жабдықтау, орталықтандырылған газбен жабдықтауды қалпына келтіру, ТҮКШ және энергетика саласындағы тарифтерді қалыптастыру мәселелері қаралды.

Мәселелердің нақты шешімі бар. Ақмола облысының әкімдігімен өзара іс-әрекет жасаса отырып, газ-техникалық инспекциясы құрылып, жұмыс істеп отыр. Біз өміріміздің әртүрлі салалары бойынша орындардағы жағдайды білуіміз керек. Сондықтан да қоғамдық кеңестерге сауатты және бастамашыл адамдарды шақыру керек», - деп түйіндеді спикер.

 

Екатерина Смирнова

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru