ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыстарының бір формасы көшпелі отырыстар

01.11.2019

Алтыншы шақырылым депутаттарының жұмыс атқарғандарының да жарты мерзімі өтті. Осы уақыт аралығында Біржан сал аудандық мәслихатының жұмыстары өз әдістері, түрі және стилімен дайындалып, атқарылуда. Бірақ, басты басымдылығы жұмыс барысында өз сайлаушыларымен байланыс жасау.

Әрине, бұл орынды да. Өйткені, халықпен сайланатын мәслихаттар оларға жақын, тұрғындар тарапынан шыққан қиындықтарға байланысты жедел  және тез арада қисынды ұсыныстар берулері қажет.

Сонымен қатар өкілді билік органына адамдардың өсіп келе жатқан сенімі депутаттардың кез келген мәселелерді шешуді белсенділікпен қолға алып, шешетіндіктерін байқату.

Соңғы жылдары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарын ауылдық жерлерде бөлімдер мен мекемелердің басшыларын шақыра отырып, көшпелі өткізуді тәжірибеге айналдырды. Тек соңғы жылдардың өзінде депутаттар Бірсуат, Баймырза, Донской, Аңғал батыр, Уәлихан ауылдық округтерінде, Заозерный селосында болды.

Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айында депутаттық корпус Мамай ауылына барып, тұрақты комиссияларының көшпелі бірлескен  отырысын өткізді.

Бір ай ішінде депутаттық корпус және аудандық мәслихат аппараты үлкен жұмыс атқарды. Жұмыс комиссиясы И.Е.Магерконың басшылығымен ауылға барып, ондағы әлеуметтік сала объектілері, шағын бизнес және  олардың жүргізіп отырған  жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулылары өз жұмыстарын ауыл әкімі аппаратының жұмыс кабинеттерінен бастап, мектеп, шағын орталық, медициналық пунктті аралаудан бастады.

Мектеп директорының міндетін атқарушы С.Т.Рамазанова оқу процесі барысына тоқталып, кабинеттер мен сыныптарды көрсетіп, мекеменің қызметіне тоқталды. Соңында мектепке депутаттардың қатысуымен «Адалдық дүкені» мектеп дүкені ашылды.

         Депутаттар өз жұмыстарын ауылдық клуб пен «Ерлан» дүкенін аралаумен жалғастырды. Ондағы жұмыс шаруашылықтарының жоспарлары мен проблемаларымен танысты.

Депутаттар сондай-ақ, астық және ауыл шаруашылығы техникасы үшін салынып жатқан қоймаларды, жақында жұмыстарын бастап, жергілікті тұрғындарға 15 жаңа жұмыс орындарын ұсынған «Агрополис» ЖШС-нің аумағын қарады.

Комиссия отырысының пленарлық бөлімі аудандық мәслихат хатшысы С.Ж.Шәуеновтің төрағалық етуімен мектепте жалғасты.

         Серік Жанатұлы жергілікті жердің жағдайын өз көзімен көруге, тұрмыстық мәселелермен танысуға, өткізіліп отырған іс-шараның негізгі міндеті екендігін атап өтті. Ол сайлаушыларды ауылдағы барлық өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуға шақырды.

Отырыс жұмысына мекеме басшылары, шаруа қожалық өкілдері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Депутаттар алдында сөз сөйлеп, өз жұмыстарының есебімен ауыл әкімі С.Б.Сүлейменов сөйледі.

Сәрсенбек Балтабекұлы ауылдағы негізгі дамытудың басым бағыты ауыл шаруашылығы өндірісі екендігін атап өтті.

Ауылда табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар, АӘК алушылар жоқ.           Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 4 қатысушы оқуын аяқтап, әрқайсысы 200 АЕК мемлекеттік гранттар алды.

«Бизнес Бастау» жобасы бойынша 1 қатысушы 2 млн.450тыс.теңге мал шаруашылығын дамытуға несие алды.

Жалпы білім беру мекемелері Мамай негізгі мектебі, онда - 27 оқушы білім алуда. Мектеп жанынан «Аққу» шағын-орталығы жұмыс істейді, онда қысқа уақытты болуымен 9 бала барады.

Мектеп педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Барлық мұғалімдер саны - 10, оның ішінде жоғары білімдісі - 9. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% құрайды.

Мектептің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі қанағаттанарлық жағдайда. Мектепте барлық сынып балаларына буфеттік тегін тамақтандыру ұйымдастырылған.

Мәдениет мекемелерінен ауылдық клуб жұмыс жасайды. Штатта мәдени ұйымдастырушы, 2–күзетші мен еден жуушы бар.

Сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған сумен жабдықтау есебінен жүзеге асырылады.

Отырысқа қатысқан жергілікті тұрғындар белсенділіктерін байқатты. Олар ауылдағы проблемалық мәселелерге тоқталды: медициналық пунктің жабықтығы мен медициналық қызметтің қанағаттанарлықсыз жағдайы, клубтың орташа қызметі мен материалдық - техникалық базасы, тозған ескі бағаналар мен электр желілерін ауыстыру, жеке мал жайылымдарының жетіспеушілігі, электр энергиясы ақысын төлеу үшін терминал орнату және т.б. тоқталды.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын С.Ж.Шәуенов қорытындылады. Өз сөзінде көшпелі бірлескен  отырыстың депутаттар үшін де, ауыл тұрғындары үшін де пайдалы екендігін атап, іскерлік әңгіме, өзекті мәселелер көтерілгендігіне тоқталды. Барлық мәселелер бақылауға алынып, аудан басшылығына жеткізілетіндігін атап өтті. Бірлескен отырыстардың жергілікті жерлерде өткізілуі толығымен ақталғанын және одан әрі де тәжірибеде пайдаланылатындығы жеткізілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тұрақты комиссия қаулы етті: Мамай ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есебі назарға алынсын. Депутаттар қарастырылған мәселелерге қатысы бар ауыл әкіміне, аудандық мекемелердің басшыларына ауылды одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғауын, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық – техникалық базасын нығайтуға, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді одан әрі қамтамасыз етуге, ауылда кадрларды бекітуге, анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстары берілді.

Депутаттар өз жұмысын асыл тұқымды мал шаруашылығы - ірі қара малдың Ангус және Герефорд дамытумен айналысатын «Kaz Beef LTD» ЖШС –нің мал бордақылау алаңын аралап, жалғастырды.

«Kaz Beef LTD» ЖШС-нің бас зоотехнигі М.Б.Абдурасилов депутаттарды қарсы ала отырып, компанияның жұмыс жоспары туралы, малдарды күту және ұстау жағдайлары туралы таныстырып өтті.


 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru