ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жұмыс тобы аудандарға барады

05.11.2019

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында облыстың мәдениет мекемелерінің қызметін одан әрі жақсарту шаралары мен жағдайы туралы» мәселені алдағы комиссия сессиясында қарауды жоспарлап отыр. Осы мәселені зерделеу үшін облыстың жекелеген өңірлеріне барып, мәселені талқылауға дайындық кезеңін жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

А. ж. 4 қарашада комиссия төрайымы Е. Мащинская басшылығымен жұмыс тобы Аршалы ауданында болып, мәдениет мекемелерінің жұмысымен және жағдайымен танысты, ұжымдармен кездесулер өткізді.

Аршалы ауданында 46 мемлекеттік және 1 жеке меншік мәдениет мекемесі жұмыс істейді: олар аудандық мәдениет үйі, Жастар орталығы және ауданның коммуналдық меншігіндегі 19 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары, «Аршалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК балансында және 1 жеке мәдениет үйі (Ижевский АМҮ), аудандық орталық және балалар кітапханасы, сондай-ақ «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-іне кіретін 23 ауылдық кітапхана.

Ауданның мәдениет жүйесінде барлығы 143 адам жұмыс істейді, оның ішінде клубтарда - 101 адам, кітапханаларда - 40 адам және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде штат бойынша - 2 адам.

Ауданда бес «Халықтық» және бір «Үлгілі» атақтары бар ансамбльдер бар. Бұл - В.Н.Зеленый ат. халық ансамблі.

Жергілікті жерлерде мәдениет мекемелері жастарды эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, фестивальдар өткізеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарыоба ауылында алғаш рет «Қымыз –ұлы даланың ұлы қазынасы» атты қымыз мерекесі өтті. Оған барлық ауылдық округтер қатысып, 1200 адамды қамтыды.

Сонымен қатар, ауданның мәдениетін дамытуда бірқатар мәселелер бар.

Шағын ауылдық елді мекендерде мәдениет жағдайы үлкен проблема болып табылады, мұнда, негізінен, нормативтер бойынша клубтар, кітапханалар, киноқондырғылар көзделмеген. Сондықтан, осы елді мекендердің тұрғындары тіпті ең төменгі мәдени игіліктерді де ала алмайды.

Аудан орталығында жастар мен халықтың бос уақытын өткізуге лайықты орын жоқ. Клубтың ескі ғимаратында акт залына, сынып бөлмелеріне, дәліздерге ағаш едендерді, ағаш төбелерді, терезе және есік блоктарын ауыстыру, қасбетті, шифер шатырын, электр сымдарын жөндеу қажет. Сметалық құжаттамаға сәйкес 2020 жылға мәдениет үйінің ғимаратын жөндеу үшін 55069,7 мың теңге сомасында қаржыландыру қажет.

Константиновский ауылдық клубын ағымдағы жөндеу және Арнасай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жөндеу бойынша сметалық құжаттамалар бар, 2020 жылға қаржыландыру қажет.

Аршалы ауданының орталығында мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ және МЭ әзірлеуге 17 млн.теңге қаржы қажет.

Аудан орталығында бірде-бір мұражай, кітапханалар жоқ, бірақ облыстық өлкетану мұражайының филиалын ашу үшін ескі мешіт ғимараты бар. Ашу үшін филиал меңгерушісінің, екі экскурсия жетекшінің және ғылыми қызметкердің штат бірліктері талап етіледі.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.


 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru