Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы сіздерді кәсіби мереке – Статистика күнімен құттықтайды!
2019 жылғы 8 қарашада Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 99 жыл толады. 1920 жылдың осы күні Қазақ АСРО Үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтандырылған статистика жүйесін бастаған «ҚазКСР-дағы мемстатистика туралы ережесі» қабылдады. Осы ғасырға жуық уақыт аралығында статистика басқару шешімдерін қабылдау және олардың нәтижелерін барлық жерде - республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік басқару деңгейінде, бизнес пен ғылымда бағалау үшін өмірлік маңызды құрал болды. Ол жинақтаған ақпарат көлемі біздің мемлекетіміз бен қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, өмірімізге әсер ететін үрдістер мен факторлар туралы түсінік береді.
Әрбір статистикалық көрсеткіш, әрбір сан және аналитикалық қорытынды үшін - кәсібилігі мен іске адал көзқарасы шынайы құрметке ие маман-статистиктердің қажырлы еңбегі.
Өңірдің мемлекеттік статистика органдары өз жұмысында жаңа әдістер мен технологияларды енгізіп, зерттеу сапасын арттырады. Облыстың үлкен деректер массивіне ие бұл ірі ақпараттық құрылымы пайда болған барлық өзгерістерді талдай отырып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық ахуал туралы деректерді жинау және өңдеу бойынша міндеттерді табысты шешеді.
Статистика күнімен! Есеп айырысу әрдайым дәл болсын, ал нәтижелері үздік болсын! Күрделі әрі жауапты жұмысыңызға алғысымызды білдіреміз! Шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен амандық, оптимизмнің сарқылмас қоры, кәсіби қызметте табыс тілейміз.
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов