8 қарашада Ақмола облысының баскетболшылар Одағының президенті - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә.Баймағамбетов «Синегорье» баскетбол командасының ойыншылары мен жаттықтырушыларымен кездесті.
2018 – 2019 ж.ж. маусымда ерлер баскетбол командасы алғаш рет ҚР чемпионатының ұлттық лигасында ойын көрсетті. Бірінші жыл команда үшін чемпионаттың жаңа деңгейін сынау және зерттеу болды. 2019-2020 ж.ж. маусымында команда құрамы жасақталды. Мақсат - ҚР Чемпионатының жүлдегерлері болу.
Команданың бас бапкері Олег Киселев: «Біздің жауынгерлік қабілетті ұжым ұлттық лига медаліне күресуге дайын. Өткізілген ойындар көшбасшылардың үштігіне енуге үміткерлер екенін көрсетті. Жақында басты бәсекелес - «Тобылмен» ойын болады» деп сендірді.
Баскетболшылар одағының атқарушы директоры Андрей Рыманов бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті, олардың ішінде ең бастысы – толыққанды баскетбол алаңыныңғ команданың жүріп-тұруына автобустың болмауы.
Әлібек Баймағамбетов атап өткендей, міндет - ҚР-да жетекші позицияға көтеру және халықаралық жарыстарда лайықты ойын көрсету арқылы республикалық және халықаралық спорт ареналарында Ақмола баскетболының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жинақталған тәжірибе мен бар жағдайды ескере отырып, белгілі бір шешімдер стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, баскетболды бұқаралық, қолжетімді спорт түрі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру факторларының бірі ретінде насихаттау. Бүгінгі таңда отандық баскетболды дамытуда оларды жүзеге асыру үшін ерекше назар аударуды және бірлескен күш-жігерді талап ететін проблемалар бар, онсызе жоғары спорттық жетістіктер қолдауын күту қиын, өйткені табысқа жетудің кепілі әрбір спорт түрінің жеткілікті қаржылық және ұйымдастырушылық базасы болып табылады.
Әлбетте, бір сәтте барлық кешенді мәселелерді шешу мүмкін емес, бірақ шешуші қадамдар қолға алынатыны сөзсіз. Кездесу соңында Әлібек Бекболатұлы баскетбол командасының барлық құрамына облыстың спорт қоғамдастығының атынан алғысын білдіріп, табыс тіледі және синегоршылар бізге мақтаныш пен қуанышқа бөлейтініне көп себеп беретініне сенім білдірді.


