ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

13.11.2019

          Ағымдағы жылғы 13 қарашада Сағынтай Елюбаевтың төрағалық етуімен облыстың қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің 8 жобасы қаралды.

          «Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» жобасы бойынша Біржан сал ауданы әкімі аппаратының басшысы Руслан Нұрғалиевтің ақпараты тыңдалды.

           «Субсидияланатын өсімдік және қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 литрге (килограмм, грамм, дана) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» және «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Димаш Таласбаев баяндады.

          Сондай-ақ, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Көшекбай Біржекеевтің «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» және «Ақмола облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» екі жобасы бойынша ақпараты тыңдалды.

          «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» жобасы бойынша ішкі саясат басқармасы бөлім басшысының орынбасары Нариман Абдрахманов сөз сөйледі.

          «Ақмола облысында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі №А-7/315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко сөз сөйледі.

          Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес жобаларды әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru