ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 39 сессиясы

22.11.2019

Үстіміздегі жылғы 22 қарашада Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М.Ыдырысов, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.   

Сессия жұмысының алдында облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетов «Үздік депутат» медалін депутат Е. Мащинская табыс етіп, Ә.Жақсылықовты «Үздік кәсіпкер» номинациясындағы жеңісімен құттықтады. Әлібек Бекболатұлы құттықтау сөзінде депутаттар әрбір міндетке сай келетінін, шынайы құрметке лайық екенін атап өтіп, оларға мықты денсаулық және өмірлік оптимизм тіледі.

Депутаттардың талқылауына шығарылған негізгі мәселелер бойынша 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау және Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын бекіту туралы сұрақтар болды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында оларды қайта бөлу жолымен бюджеттік бағдарламалар бойынша өзгерістер енгізілгенін хабардар етті. Бар проблемалық мәселелердің басымдылығын ескере отырып, аталған қаражат 2019-2020ж.ж. жылыту маусымын үздіксіз өткізуге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бірлесіп қаржыландыруға және әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға бағытталды. Бағдарлама әкімшілерінің бөлінген бюджет қаражатын толық игеруі туралы бірқатар сұрақтардан кейін депутаттар бюджетті нақтылау жөніндегі шешімді бірауыздан қолдады.

Көкшетау қ. 2050 жылға дейінгі дамуы туралы депутаттарға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.К.Абуев баяндады. Осы стратегияны әзірлеудің басты мақсаты облыс орталығы тұрғындарының өмір сүру деңгейін сапалы арттыру, оның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады. Әрбір қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға әсер ететін нақты шаралар мен индикаторлар әзірленген бес стратегиялық бағыт айқындалды. 

Бұдан басқа, мәслихат сессиясында облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға өзгертулер бойынша 8 шешім және Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Атбасар, Астрахан, Ерейментау аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер бойынша 7 шешім қабылданды.

 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru