ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

04.12.2019

Жұмыс жоспарына сәйкес ү.ж. 4 желтоқсанда депутат Е.Мащинскаяның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті, отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында «Облыстың мәдениет мекемелерінің қызметін одан әрі жақсарту шаралары мен жағдайы туралы» мәселесі қаралды.

Бұл мәселе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясымен жекелеген өңірлерге барып зерделенді. Мәдениетті дамыту мәселелері 2018-2019 жылдар ішінде аудандық, қалалық әкімдіктердің отырыстарында және мәслихат сессияларында қаралды.

Осы мәселе бойынша Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.С.Бекназарованың ақпараты тыңдалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдеріне, «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласына сәйкес басқарма және оның құрылымдық бөлімшелері аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен бірлесіп «Туған жер», «Ауыл - ел бесігі, «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Қазақстанның киелі географиясы», «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл», «Архив-2025», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» арнайы жобаларын іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізді.

Жалпы, Ақмола облысында мәдениет және архивтер саласында 679 кәсіпорын мен мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 614 - ауылдық жерлерде, олардың қызметі осы аудандарда тұратын этностардың мәдени құндылықтарын құруға, қайта жаңғыртуға, сақтауға, таратуға бағытталған.

Халық арасында, әсіресе жастар арасында мәдениетті дамытуға кітапханалар үлкен үлес қосып келеді. Бүгінгі күні Ақмола облысында барлық жүйелер мен ведомстволардың 368 кітапханасы жұмыс істейді, оның ішінде 360-ы мемлекеттік желі. Пайдаланушылардың негізгі топтары - оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мамандар. Жаңартылған кітап қорының үлесі - 1,2 %.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы облыстың мәдениетін дамыту саласында жедел шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.

Негізгі себептердің бірі мәдениет объектілерінің күрделі жөндеуін кезең-кезеңімен жүргізу жоспарын жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады.

Облыста мемлекеттік меншік нысанындағы 254 клубтың 43-і күрделі жөндеуді талап етеді, оның ішінде 10-ы авариялық жағдайда: Бұланды ауданы – 3, Бурабай ауданы – 2, Ерейментау ауданы – 1, Жарқайың ауданы – 1, Целиноград ауданы – 3.

7 клубтық объект жұмыс істемейді, олардың ғимараттары ЖШС балансында, ал штат бірліктері - АМҮ: Зеренді ауданында - 5, Бұланды ауданында - 2.

Барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары кеңселік жиһаз, компьютерлік техника, сахналық костюмдер мен музыкалық аппаратура сатып алуға аса мұқтаж. Ауылдық клубтарды телефондандыру; аудандық мәдениет үйлері үшін автокөлік (автобус) сатып алу; қазіргі заманғы модификациядағы ұйымдастыру техникасын сатып алу қажеттілігі бар.

Мәдениет саласындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын депутат Ғ. Бекмағамбетов пен облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетов енгізді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.



 


 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru