ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

06.12.2019

     Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

     Күн тәртібіне «Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» мәселесі енгізілді, ол бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов сөз сөйледі.

     Келіп түскен 14 нормативтік құқықтық акті жобасы қаралып, нақты ұсыныстар алынды. Оның ішінде біздің облыс үшін негізгі құжат «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» НҚА жобасы.

     Бірыңғай ережелердің қабылдануына байланысты келесі жылдан бастап НҚА 8 жобасы күшін жойды.

     «Ақмола облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» жобасы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт сөз сөйледі.

     «Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Жалтыркөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» және «Бозайғыр, Құмдыкөл, Якши-Янгизтау көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу туралы» әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» екі жоба бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Базарқұл Жаханова баяндады.

     Сондай-ақ ҚК мүшелері Кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекітті.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru