Ақмола облыстық мәслихаты сіздерді Қазақстан Республикасының прокуратура қызметкері күнімен құттықтайды!
Бұл мереке - өзін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қазақстандықтардың мүдделерін қамтамасыз етуге арнаған адамдарға деген мемлекет пен қоғамның шынайы құрметі.
Күнделікті жұмыста сіз заңдылықты нығайтуды және құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ете отырып, өз парызыңызды жауапкершілікпен атқарасыздар. Еліміздегі құқықтық реттеу, оның әлеуметтік және экономикалық дамуы сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Кәсіпқойлығыңыз үшін, Заңның рухын айқын ұстанғаныңыз үшін рахмет!
Сіздер қылмыстың алдын алумен айналысасыздар, сыбайлас жемқорлықпен күресесіздер, өмірдің барлық салаларында елеулі қадағалау жұмыстарын жүргізесіздер, Қазақстан тұрғындарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттырасыздар.
Білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз бен қайсарлықтарыңыз әрқашан Қазақстанға қызмет етуге, оны нығайту және өсіп-өркендетуге бағытталатынын зор сеніммен айта аламын.
Шын жүректен зор денсаулық, бақыт, оптимизм, шыдамдылық, Отанға қызмет ету жолында табыс тілеймін!