ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясы

13.12.2019

     Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясында мәслихат депутаты Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетовтің төрағалық етуімен халық қалаулылары 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарады. Сессия жұмысына облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев, өңір әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

     Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев хабарлағандай, келесі жылы облыстық бюджетке түсетін түсімдердің көлемі (Республика бөлген нысаналы трансферттер мен кредиттерді есептемегенде) 176,4 млрд.теңгеден астам сомаға жоспарланған. Облыстық бюджеттің жалпы көлемі 256 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар, шығынтардың ең көп үлесі әлеуметтік салаға тиесілі.

     Адами капиталды дамыту, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беру қызметтерін құруға келесі жылға 45,7 млрд.теңге қарастырылған (2019 жылға қарағанда өсім - 94,5%). Шығындардың негізгі үлесі (12 млрд.теңгеден астам) техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға; 2 млрд.теңгеден астам - облыстық білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға бағытталатын болады. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен білім беру қызметкерлерінің жалақысын одан әрі арттыруға қаражат түсті.

     Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға облыста 5,1 млрд.теңге жұмсауды жоспарлап отыр, атап айтқанда 7 күрделі жөндеу жүргізіледі, 117 бірлік медициналық техника сатып алынады, 6 ауданда 10 қосымша жедел медициналық жәрдем бекеттері жарақтандырылады, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі.

     Алдағы жылы халықты әлеуметтік қорғау саласының шығынтары 7,1 млрд.теңгені құрайтын болады. Бұл сома жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге, мүгедектерді оңалтудың әзірленген жеке бағдарламаларына сәйкес қарттар мен мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қолдау мен арнайы қызмет көрсетуге бағытталады.

     Ауыл шаруашылығын дамытуға 34 млрд.теңге бағытталады. Көрсетілген шығынтардың 90%-дан астамы-бұл агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау.

     Жолдардың жағдайын жақсарту үшін 21 млрд.теңге бөлінеді. Көкшетау қаласын абаттандыруға, елордаға іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға үлкен көңіл бөлінді.

     2020-2022 жылдары «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қаржыландыру, «Ауыл - Ел бесігі» және т. б. жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасады.

     Сессия барысында «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіммен тығыз байланысты және алдағы үш жылға облыс өңірінің  бюджеттік саясатынның негізін қалайтын «2020-2022 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» шешім талқыланды.

     Облыстық мәслихат депутаттары С.Аяғанов, Ғ.Бекмағамбетов және Д.Отаров бюджет шығындарының негізгі бағыттарымен танысып, атқарушы билік ұсынған бюджет жобасын облыстың басты сұраныстарына жауап беретін сараланған және тексерілген құжат деп атады. Сессия барысында 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасын депутаттар бірауыздан бекітті.

     Бұдан басқа, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі тыңдалды, бірқатар үйлестіру кеңестерінің, комиссиялардың құрамдарындағы өзгерістер қаралды, басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

 

     Сессияның барлық мәселелері қаралғаннан кейін ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ардагерлер мен депутаттар марапатталды. Барлық алты шақырылымдағы мәслихаттардың экс-хатшылары, депутаттық корпустың ардагерлері: 1 шақырылымдағы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Хамзаұлы Сыздықов, 2 шақырылымдағы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Марат Советұлы Қойшыбаев, 3 шақырылымдағы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Аманжол Жазыұлы Жазин мерейтойлық медальдармен марапатталды. Марченкова Галина Альбертовна - облыстық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, Мейрамов Мұрат Жұмағалиұлы - аудандық мәслихаттың бес шақырылымының және облыстық мәслихаттың 5 шақырылымының депутаты. 4-ші шақырылымның хатшысы О.К.Мұсабаевқа тиесілі мерейтойлық медальді оның жесірі Қ. Мұсабаева алды. Сонымен қатар, бірнеше шақырымда сайланған белсенді депутаттар, жұмыс істеп жүрген депутаттар марапатталды, олар өздерінің қоғамдық борышын адал атқаруына деген ықыласымен сайлаушылардың сенімі мен құрметіне лайықты. Салтанатты рәсім соңында облыс әкімі М. Маржықпаев марапатталғандарды құттықтап, алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне бағытталған жұмыстарды белсенді жүргізетініне сенім білдірді.



 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru