Қазан айының бірінші күні Ақмола облыстық мәслихаты өз ардагерлері Кранин Владимир Ильичті, Сейдахметов Шәриф Ғабденұлын, Шаяхметов Әділхан Асылханұлын, Шаруда Людмила Захаровнаны мерекелік шайға шақырды. Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Баймағамбетов облыстық мәслихаттың барлық депутаттық корпусы атынан Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, қарттардың өмірде әрдайым сұранысқа ие болатын тәжірибесі, дәстүрлері бар екенін атап өтіп, аға буын өкілдеріне деген ерекше ықыласын білдірді. Олар - еліміздің, туған өлкенің дамуына өз күштері мен білімдерін салған, біздің тарихымызды еңбегімен жазған, ұлы оқиғалардың куәсі болған адамдар. Әлібек Бекболатұлы қонақтарға: «Сіздер бізге, балаларыңыз бен немерелеріңізге қажетсіздер, ал сіздердің тәжірибелеріңіз, өмірлік даналығыңыз бүгінде біздің қоғамымызға, жастарымызға қажет. Уақыт пен ұрпақтар байланыстығы үшін, шынайылығыңыз үшін, адал жұмыс істеп, жеңіске жете білгендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге, қымбатты жерлестер, денсаулық, ұзақ өмір, жақындарыңызға деген махаббат пен көңіл-күй тілеймін!».