ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі

13.01.2020

Әлеуметтік көмек көрсету өте өзекті және әлеуметтік маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, қазіргі уақытта біздің ауданда әлеуметтік жағынан осал топтар көптеп кездеседі. Олардың ішінде тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз басты қариялар, басқа да ардагерлер, мүгедектер және басқалары аз емес.

     Бұлар өмірдің қиын жағдайына тап болуына байланысты әр түрлі көмекке мұқтаж жандар. Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6S-20/4 «Жарқайың ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін белгілеу және мөлшерін белгілеу ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес 1004 адамға 19 553,9 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Соның ішінде, биыл әлеуметтік мәні бар туберкулез, қатерлі ісік ауруларымен сырқаттанған 91 адамға 3446,7 мың теңге сомасында, ал, табиғи апат салдарынан зардап шеккен отбасылардан сегіз адамға 505,0 мың теңге сомасында, колледжде күндізгі бөлімде оқитын тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың он бір студент балаларына 1780,0 мың теңге сомасында көмек көрсетілді.
     Сонымен қатар, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын жеті студентке 5379,0 мың теңге сомасында, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың коммуналдық қызметтерге төлейтін шығындары үшін 100 пайыз мөлшерінде бір адамға 119,9 мың теңге сомасында, көп балалы отбасыларға жол ақысын өтеу мақсатында он тоғыз адамға 981,9 мың теңге сомасында, табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын көп балалы 33 отбасыларға 1249,9 мың теңге сомасында және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 202,0 мың теңге сомасында қаражат берілді.
     Оған қоса, мерекелерге арналған тізімдердегі бір топ азаматтарға да қаржылай көмек көрсетілді. Мәселен, Жеңіс күнінде 31 адамға 1073,1мың теңге көлемінде, қарттар мен мүгедектер айлығында 795 адамға 4008,4 мың теңге, ауған жауынгерлерінен сегіз адамға 808,0 мың теңге төленді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы көмектің жаңа форматы жұмыс істей бастады. Барлығы 268 отбасына, оның ішінде 1207 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 116821,0 мың теңге төленді. Сондай-ақ, екі көп балалы отбасы 658,4 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Олар бұл қомақты қаражатқа жеке қосалқы учаскелерін дамыту үшін, атап айтқанда ұсақ және ірі қара мал сатып алды.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынылады. Бүгінгі таңда екі отбасы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды. Оның ішінде бір аз қамтылған отбасы «Золушка» жеке кәсіпорыны арқылы тазарту қызметін ашқаны үшін 252500 теңгенің 100 АЕК-ке тең мемлекеттік грант алды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпорын жиһазды тазарту, кілем тазалау, үйді жинау және тағы басқа мақсаттарда қызмет көрсетеді. Оған қоса бір көп балалы отбасыға 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 505 000 теңге мөлшерінде мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетілді.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Жарқайың ауданының әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандумға сәйкес «Темірлан» серіктестігі Тасөткел ауылында тұратын төрт отбасыға төрт үй сатып алып берді, олардың ішінде екі көп балалы және екі тұрмысы төмен отбасы бар. Сондай-ақ, тағы 13 көп балалы отбасы жалға берілген үйден пәтер алды.
      Қашанда өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғаудың, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды әрі ажырамас бір бөлігі болып табылады.


Ұлболсын АХМЕТОВА,
Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы,
ауданның «Құрметті азаматы».

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru