ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Халық алдында есеп беру-демократиялық өзгерістердің маңызды нысаны

29.01.2020

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыста ауыл, ауылдық округ пен қала әкімдерінің халық алдындағы «2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған перспективалар туралы» есеп беру кездесулері аяқталып келеді. Осы маңызды саяси іс-шараға аудандық мәслихаттың хатшылары, депутаттары және облыстық мәслихаттың депутаттары белсенді қатысты.

         Ауыл тұрғындарының және ауылдық округ әкімдері аппараттарының өзара іс-қимылы және жемісті жұмысы жергілікті билік пен шаруашылық субъектілерінің бірлігі мен ынтымақтастығына байланысты. Барлық өңірлерде елдің барлық бағдарламалық құжаттарын іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, халықты әлеуметтік қолдау жалғасуда. Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды, бұл жұмыссыздық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді және қазақстандық жастарды оқыту үшін жақсы ынталандырушы болмақ. Сонымен қатар жалғыз тұратын қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және басқа да адамдарға көмек көрсетіледі. «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жұмыс істейді, ол өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

          Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жалғасуда. Барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға шаралар қабылдап жатыр, бұл тиісінше сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауды азайтуға алып келеді.

            Оларды төмендету бойынша батыл шаралардың бірі мемлекеттік органдардың халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылын, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді қоса алғанда, процестерді цифрландыру болып табылады.

          Есеп беру кездесулерінде тұрғындар өз округтерінің басшыларынан қойылған сұрақтарға нақты жауап алады. Ал олардың саны көп. Кездесу барысында тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газбен қамтамасыз ету, ұялы байланыс және интернет сапасы сияқты маңызды мәселелер қызықтырды.

        Ағымдағы жылы жұмысты жандандыру, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың қолда бар барлық құралдарын пайдалану, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру қажет. Қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жұмыстарын жалғастыру қажет.

        Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ағымдағы жылғы 31 қаңтарда облыс әкімінің облыстың Қоғамдық кеңесі алдында жергілікті атқарушы органдардың 2019 жылғы жұмыс нәтижелері және ағымдағы жылға арналған міндеттер туралы есебі жоспарлануда.


 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru