ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңес Ақмола облысы әкімінің есебін тыңдады

31.01.2020

 

          Ү.ж. 31 қаңтарда облыстың Қоғамдық кеңесінің отырысында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі тыңдалды.

         Есеп беру барысында өткен жылы облыста өнеркәсіп, аграрлық және әлеуметтік салалардың дамуының оң динамикасы сақталғаны, Қоғамдық кеңес мүшелеріне жұмысқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтылды. Аймақ басшысы облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

        Облыс әкімі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады: өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 769 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2018 жылға 103,3%.

        Бірінші бесжылдықта инвестиция көлемі 121,5 млрд.теңге болатын 49 жоба іске асырылды.

        2015-2019 жылдары инвестиция көлемі 189 млрд. теңгеге 39 жоба іске асырылды. 2019 жылы ИИДМБ аясында 4 млрд.теңге сомасына 139 жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 5 жоба іске қосылды.

       Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 515,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2018 жылға 100,1%.

      Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 45,5 мың бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 3,1% - ға көп.

      Негізгі капиталға инвестиция көлемі 329,7 млрд. теңгеге дейін артып, 114,4% құрады.

      Құрылыс жұмыстарының көлемі 135,3 млрд. теңгені немесе 2018 жылға 121,2% құрады. 534,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (11,7%-ға өсті).

      Кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, аймақ басшысы қатысушыларды шағын және орта бизнестің дамуы, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жетістіктер, жол-көлік және  инженерлік инфрақұрылымды жақсарту шаралары туралы хабардар етті.

     Талқылау барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы, Ақмола облысының Құрметті азаматы Сағынтай Елубаев пен еңбек ардагері Галина Марченкова облыста өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша облыстық Қоғамдық кеңес бірауыздан шешім бойынша облыс әкімінің есебін   мақұлдады және 2019 жылғы атқарушы органдардың жұмысына оң баға берді.


 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru