ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі комиссиясының жұмыс сапары

05.02.2020

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес І тоқсанда кезекті сессияда «Ақмола облысында туризмді дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы» мәселе қаралатын болады.

Сессияға дейін облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының «Ақмола облысында қысқы туризм түрлерінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» күн тәртібімен отырыс өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты облыстық мәслихаттың депутаттары құрамында тұрақты комиссияның мүшелері: Е.И. Мащинская, Қ.А. Сұлтанов, П.Н.Безвербный және облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері жергілікті жерлерде қаралатын мәселенің жай-күйін зерделеу үшін Бурабай, Сандықтау және Зеренді аудандарына барды. Атап айтқанда, Бурабай және Зеренді көлдерінің демалыс аймақтарында болды. Щучье қаласындағы Сантаның визит-орталығының резиденциясымен, Зеренді ауданының «Парус» СО, Сандықтау ауданының шаңғы базасының жұмысымен танысты.

Республикада туризм индустриясын дамыту Ұлт Көшбасшысы - Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының маңызды басымдығы ретінде айқындалған.

Жалпы, Қазақстан үшін туризмді дамыту үлкен маңызға ие, оның дамуы жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізі бола алады. Бірегей табиғи жағдайлар жайлылық пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бар қазіргі заманғы ірі тау шаңғысы кешендерін құруға мүмкіндік береді.

Туристер арасында Шымбұлақ және Медеу биік таулы мұз айдынынан басқа, біздің Щучье-Бурабай курорттық аймағы аса танымал. Қазіргі уақытта жұмыс Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарына (ІІІ кезең) сәйкес жүргізілуде.

Өкінішке орай, қыс кезінде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көптеген қонақ үйлері мен отельдері мереке күндерді қоспағанда аз жүктеледі. Бұл емдеу-сауықтыру туризмін жарнамалау жұмыстарының әлсіздігін және қысқы спорт түрлерінің инфрақұрылымын дамыту қажеттігін, қысқы уақытта көрсетілетін қызметтерді ұлғайтуды білдіреді, бұл демалушылардың көптеп келуіне жол ашады.

Бұл проблемаларды шешу үшін демалушы ересектер мен балалардың ағынын жыл бойы болмаса да, маусым бойы арттыруға мүмкіндік беретін консервіленген Балалар демалыс лагерьлері орналасқан Қотыркөл демалыс аймағының мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарын жандандыруға ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, бұған Зеренді және Сандықтау аудандарының туристік әлеуеті ықпал етуі мүмкін, бұл көптеген туристерге жазғы және қысқы

уақытта да демалуға мүмкіндік береді. Ол үшін жыл бойы демалыс аймақтары, тау-шаңғы базалары, туристік бағыттар жұмыс істейді. 2008 жылы Сандықтау ауданында жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді. Новоникольск ауылдық округінде аңшылық үйлер жұмыс істейді.

Зеренді ауданында туристік кластерді дамыту үшін 2025 жылға дейінгі Зеренді курорттық аймағын дамыту жоспары әзірленді, оған 40-тан астам іс-шара кірді.

Облыста 2019 жылдың жазғы маусымында 20 қала сыртындағы сауықтыру ұйымы жұмыс істеді. Жыл сайын маусым басталар алдында барлық сауықтыру орталықтарын Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тексереді.

Сапар барысында депутаттар облыста заманауи, бәсекеге қабілетті туристік кластерді құру және дамыту бойынша жұмыстар уақыт талаптарынан артта қалғанын, туризмді дамытудың барлық негізгі бағыттары бойынша тұтас жұмыс жүйесі құрылмағанын атап өтті.

Айта кету керек, бұл мәселе облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қаралатын болады.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru