Ү.ж. 5 ақпанда Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә.Б.Баймағамбетов Ақкөл ауданының әкімі А.Қ. Қайыржановтың қорытынды есеп беру кездесуіне қатысты, Ақкөл ауданының өндірушілер өнімдерінің көрмесіне барды.
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Әлібек Бекболатұлы қатысушыларды 2019 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті, біздің облыс табысты дамып келе жатқанын, ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын, инфрақұрылымның салынып жатқанын, 2020 жылға арналған басым бағыттар туралы айтып өтті. Бұл ретте халықтың проблемалары назардан тыс қалмауы тиіс. Одан әрі Ә.Баймағамбетов Ақкөл ауданының жетістіктеріне, проблемалары мен басым міндеттеріне толығырақ тоқталды. Сондай-ақ, ақкөлдіктерді ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Есептік кездесу соңында Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов пен Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов азаматтарды қабылдады. Іс-шара барысында ТҮКШ мәселелері көтерілді. Қойылған сұрақтарға құзырлы жауаптар берілді, проблемалық сұрақтар бақылауға алынды.