Ү.ж. 21 ақпанда облыстың қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің 5 жобасы қаралды.
«Мал шаруашылығы саласындағы субсидия көлемін бекіту туралы «Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Көшенов сөз сөйледі.
«Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Белая баяндады.
Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченконың «Ақмола облысында коммуналдық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы» және «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелерін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі жобасы бойынша ақпараты тыңдалды.
«Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге коммуналдық қызметтерді төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» жобасы бойынша басқарма басшысының орынбасары Светлана Ермолаеваның ақпараты тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша кеңес жобаларды әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.
