ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Аймақтар бойынша жұмыс жалғасуда

27.02.2020

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә. Баймағамбетов облыс өңірлерін инспекциялық тексеру шеңберінде мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде аймақтарды аралады. Мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға 34 тексеру жүргізілді. Ерейментау ауданы - 12, Аршалы - 10, Целиноград - 12. Мекеме басшылығына мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Әлібек Бекболатұлы өңірлерге шыққан кезде үнемі халықпен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, фермерлік шаруашылықтармен, жастармен кездесу мүмкіндігін жіберіп алмайды.

Ә. Баймағамбетов тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша тұрғындармен жеке кездесулер, халықпен тікелей байланыс жасау жұртшылықты облыстық депутаттық корпустың жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етуге, жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы халықтың пікірін тыңдауға, адамдардың проблемаларын білуге және мүмкіндігінше оларды шешуге көмектесуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 Ағымдағы жылғы 24-25 ақпанда облыстық мәслихат хатшысы Целиноград, Аршалы, Ерейментау аудандарында болып, 20-дан астам адамды қабылдап, барлық шағымдар мен өтініштерді бақылауға алды. Ауданның мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әңгіме өткізді. Халықпен кездесулерде әлеуметтік саланы дамыту, қызмет көрсету жүйесін жақсарту, 4 деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыруға халықтың қатысу қажеттілігі туралы сөз қозғады, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, көп балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың жаңа форматы, АӘК тағайындау және т.б. мәселелер қозғалды. Сондай-ақ су тасқыны жағдайы мен жолдары бойынша маңызды мәселелер көтерілді.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru