Қарастырылып отырған мәселе бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Оралұлы Айдрахманов, Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының м.а. Райса Жәдігерқызы Ескендірова тыңдалды.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы аталған бағдарлама халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ бастапқы өңделген шикізат пен өнімдер өндірісін қолдауға бағытталғанын атап өтті. Несие беру басым жобаларды несиелендіру үшін тауарлардың шектеулі тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
Басым жобаларды несиелеу тетігін іске асыру мақсатында бизнес субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және күнделікті бақылауда болады.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша тиісті қаулы қабылданды.
